Білім мен ғылымның бәйгесіне айналған республикалық ғылыми жобалар конкурсы — дарынды оқушылардың қабілетін шыңдап, ізденіс пен еңбектің нәтижесін көрсететін үлкен алаң. Осындай беделді білім додасында М.Дулатов мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатты.
Арқалықтағы Алтынсарин гимназиясының оқушысы теннистен Міржақып турнирінің ең кішкентай жеңімпазы атанды
Арқалық қаласындағы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай жасөспірімдер арасында үстел теннисінен жалауын көтерген жарыста Милена Исмагилова 2007-2013 жылы туған қыз балалар арасында көш бастады.
Жахаң мұрасы кеңінен насихатталды
Рудный қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы мектепте ұлт ұраншысы, Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, ақын, жазушы, ағартушы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Міржақып көрмесі Қостанайда
Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған Торғай мұражайлар кешенінің көрмесі елордамыз Астанадан Тобыл төріне жетті. Көшпелі көрме сонау наурыз айында, Әлихан Бөкейхановтың туған күні қарсаңында ұлттық музейден бастау алғанын айта кетейік.
Қостанайда халықаралық білім апталығы басталды
Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде 24–28 қараша аралығында ұлт ағартушысының 140 жылдығына арналған KEnEU International Week 2025 халықаралық апталығы өтуде.
Міржақып Дулатұлына арналған жаңа мұражай ашылды
Рудный қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте «Ел үшін туған ердің мәңгілік мұрасы» атты Жахаңа арналған мұражай ашылды.
Түрік жерінде Міржақып жайлы жаңа кітап жарық көрді
Ыстанбұлдың «Kamus» баспасынан (директоры Айдемир Күлтегін) жазушы Қайсар Әлімнің «Міржақып Дулатұлы» кітабы түрік тілінде (тәржімалаған Ашур Өздемир) басылып шықты.
Міржақып-140: Қостанайда республикалық конференция өтті
Бүгін Қостанайда Алаш ардақтысы ұлы Жақаңның мерейтойына арналған «Міржақып Дулатұлына 140 жыл: өмірі және өнегелі мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Міржақып Дулатұлы-140: Жазушы Қайсар Әлімнің кітабы түрік тілінде басылып шықты
Ыстанбұлдың “Kamus” баспасынан ( директоры Айдемир Күлтегін) жазушы Қайсар Әлімнің “Міржақып Дулатұлы” кітабы түрік тілінде (тәржімалаған Ашур Өздемир) басылып шықты.
Рудныйда «Міржақып оқулары» республикалық байқауының марапаттау салтанаты өтті
Байқауға еліміздің Бас қаласы Астана қаласынан, Оңтүстіктің астанасы Шымкент қаласынан және Қостанай облысының барлық аудандарынан 202 оқушы қатысты.
