Арқалық қаласындағы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай жасөспірімдер арасында үстел теннисінен жалауын көтерген жарыста Милена Исмагилова 2007-2013 жылы туған қыз балалар арасында көш бастады.

2014-2015 жылғылар арасында Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Сұлтана Аманбекова, 2016 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп — гимназиядан Ақниет Жұмақан жеңімпаз атанды.
Ал, 2007-2013 жылы туған ер балалар арасында №7 «Келешек мектептен» Әли Мәліков, 2014-2015 жылғылар арасында №7 «Келешек мектептен» Нұрасыл Киікбай, 2016 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында №6 мектеп — гимназиядан Жәнібек Жағыпар жарыстың туын тікті.
«Үздік ойыншы» болып Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушысы Мұхаммед Құлажанов танылды. «Үстел теннисінің үміті» аталымымен №6 мектеп — гимназиядан Нұрсұлтае Ізбасты, №4 мектептен Расул Өміржан және Торғай ауылынан Мирас Рамазан марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйлықтар, медальдар және грамоталар табыс етілді. Жалпы жүлде қоры демеуші «Стамотология – Б» есебінен 100 мың теңгені құрады.

Бұл жарыс өсіп келе жатқан жас спортшылар үшін еркіндіктің, тектіліктің, кеңдік пен дархандықтың символына айналады.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
