Рудныйда «Міржақып оқулары» республикалық байқауының марапаттау салтанаты өтті

Рудныйда «Міржақып оқулары» республикалық байқауының марапаттау салтанаты өтті

Байқауға еліміздің Бас қаласы Астана қаласынан, Оңтүстіктің астанасы Шымкент қаласынан және Қостанай облысының барлық аудандарынан 202 оқушы қатысты.

Шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы, қоғамның көрнекті өкілі, ұстаз, журналист, этнограф, Ахметтанушы, Ахмет Байтұрсынұлының туысы — Ибраһим Ағытайұлы, QC Holding құрылыс компаниясының басшысы — Нұралхан Әмірханұлы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Ақын, қара сөз қаламгері — Тілеуғабылов Жаңбыршы, Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы — Темурхан Бекбергенұлы және тағы да басқа еліміздің ұлағатты ұстаздары мен профессорлары қатысты.

blank blank

Әділ қазылар алқасы мүшелері Өтелбаева Салтанат Амантайқызы, Данияр Ихсан  Маратұлы және Назира Жәрімбетова қатысушылардың жұмыстарын тексеріп, жоғары баға берді!

 

Байқау қорытындысы бойынша 9 қатысушы мен 5 жетекші мараппатталды.

І орын Айару Бұхарбай — Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ» — Жангелдин ауданы

ІІ орын Даниал Серік  — №147 жалпы білім беретін мектебі, Шымкент қаласы

ІІІ орын Айдана Болат — №7 жалпы білім беретін мектебі, Арқалық қаласы

ІІІ орын Маржан Серікбай — «Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ» КММ Рудный қаласы

ІІІ орын Мерей Нұрданбек — Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы, Астана қаласы

«Тіл тазалығын сақтаған үздік оқушы» Айдан — Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі , Рудный қаласы

Асыл Болатбекқызы  — “Ақан Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі” Амангелді ауданы

«Мазмұнды оймен ерекшеленген қатысушы Муканова Анеля — Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл ЖББМ, Әулиекөл ауданы

Азамат Утебаев — Міржақып Дулатұлы №68 мектеп гимназиясы, Астана қаласы

1 орын игеріне IPhone 16 PRO, 2 орынға — ноутбук жабдықтарымен, 3 орын алған үш қатысушыға ноутбуктар табысталды!

Ал номинация алған қатысушылар ақшалай сыйлықтарға ие болды!

Байқаудың бас демеушісі, ұйымдастырушылары QC HOLDING құрылыс компаниясы және Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі.