Міржақып Дулатұлы-140: Жазушы Қайсар Әлімнің кітабы түрік тілінде басылып шықты

Міржақып Дулатұлы-140: Жазушы Қайсар Әлімнің кітабы түрік тілінде басылып шықты

Ыстанбұлдың “Kamus” баспасынан ( директоры Айдемир Күлтегін) жазушы Қайсар Әлімнің “Міржақып Дулатұлы” кітабы түрік тілінде (тәржімалаған Ашур Өздемир) басылып шықты.

Кітаптың тұсаукесері қаладағы Абай атындағы мектепте, университетте, Қазақ қоры қоғамында, орталық кітапханада, республикалық музейде ыстық ықыласпен өтті.

Абай мектебіндегі таныстырылымға Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы Нұриддин Аманқұл қатысып, алаш арысының бүкіл түркі әлеміне қатысты ойларын тиянақтай түсіндіріп, оның Абай туралы жазғандарынан тағылымды үзінділер келтірді.

blank

Оқушылар Абай мен Міржақыптың еңбектерін қамтыған сұрақ-жауапқа да белсене қатысып, жоғары білім өрісін танытты.

Кітаптың түрікшеге аударылуына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев демеушілік жасады.

ЫСТАНБҰЛ