Қазір дін мәселесі тек мешіт пен шіркеу аумағымен шектелмейді. Смартфон мен интернет арқылы әр адамның қалтасына кірген. Және сол қалтада не бар екенін көбіміз біле бермейміз…
Облыстың діни конфессияларының жетекшілері кездесті
Іс-шараға Дін істері жөніндегі басқарма өкілдері және облыста тіркелген діни бірлестіктер жетекшілері мен өкілдері қатысты.
Ұзынкөлде жабық хоккей кордының техникалық іске қосу рәсімі өтті
Республика күнінде ұзынкөлдіктерге осындай тосынсый жасалды. Жанында спорт нысаны қылаң берген жабық кешеннің түсі де еліміздің көк байрағын көз алдымызға әкеледі.
Қостанайда дін өкілдері арасында волейболдан туринир өтті
«Социум & Я» қоғамдық бірлестігі дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы аясында Республика күніне және Рухани келісім күніне арналған өңірдің діни бірлестіктері өкілдері арасында волейболдан турнир ұйымдастырды.
БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен, «НҰР-ҚАЗАҚСТАН» қажылық компаниясының демеушілігімен, «Қостанай таңы» газеті редакциясының бастамасымен облыстағы қазақ тілді журналистер арасында «Дін және қоғам» байқауы өтеді.
Арқалық жұрты тасаттық берді
Арқалықтық кәсіпкерлер биылғы ауа – райының құрғақшылығына байланысты құрбан шалып, тасаттық берді. Осыған орай, қала іргесіндегі жасанды су қоймасының алаңында тасаттық намазы оқылды.
Қостанайда темір тордың ар жағындағыларға концерт қойылды
Облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жобасы аясында «№ 38 мекемеде жазасын өтеп жатқандар үшін Астана күніне арналған музыкалық концерт өтті.
Журналистер мерекесі қарсаңында әріптесімізге һадия сыйлығы табысталды
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Журналистер күнінің қарсаңында»: Қостанай облыстық мешітінің баспасөз хатшысы, белгілі журналист Оразалы Отынбайұлы Жақсанға, Қостанай телевидениесінің шеф-редакторы Нәзгүл Қәдірханқызы мен Қостанай таңы редакциясының фото-тілшісі Жансая Аянқызы Сабитбекке алғыс хатпен «һадия-сыйлық» табыс етілді.
Қостанайда тасаттық беріліп, жамағат жаңбыр тілеп дұға жасады
Қостанайда тасаттық рәсімі өткізіліп, Тобыл өзенінің жағасына жиналған мұсылман жамағаты Алла Тағаладан жаңбыр жаууын тіледі. Игі шараға облыс тұрғындары, ақсақалдар, мешіт имамдары мен жастар қатысты.
Дін – рухтың өзегі, алайда…
Қоғамда адамның ішкі сенімі мен рухани тірегі ретінде дін ерекше орын алады. Алайда соңғы жылдары сол сенімді теріс бағытқа бұрып, түрлі деструктивті ағымдар мен жалған идеологиялар арқылы халықтың санасын улауға тырысатын ағымдар пайда болуда.
