Ұзынкөлде жабық хоккей кордының техникалық іске қосу рәсімі өтті

Ұзынкөлде жабық хоккей кордының техникалық іске қосу рәсімі өтті

Республика күнінде ұзынкөлдіктерге осындай тосынсый жасалды. Жанында спорт нысаны қылаң берген жабық кешеннің түсі де еліміздің көк байрағын көз алдымызға әкеледі.

Алдағы уақытта үш жүз көрерменге арналған спорт нысаны бір ауысымда 50 адамды қабылдай алады.

blank blank

Жобаның іске асырылуы ауданның спорттық инфрақұрылымын айтарлықтай дамытуға, қысқы спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасайды. Жастардың салауатты өмір салты мен белсенді демалысқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік бергелі тұр.

blank

Бұл туралы хоккей кордының ашылуында аудан әкімі Марат Жұрқабаев та айтты.

blank

«Бүгін бәріміз жабық хоккей кордының ашылуына жиналдық. Қазіргі таңда нысанның құрылысы толық аяқталып, ауа райының жағдайын күтіп отырмыз. Күн суытқанда мұз қабатының техникалық жабдықтары іске қосылады. Аудан тұрғындары бос күндері осында сырғанауына мол мүмкіндік бар. Барлық келушілердің топтары құрылып, кезек кестеге сай ұйымдастырылады. Жылытылған әкімшілік блок та қарастырылған. Онда душ кабиналары жұмыс істеп тұр. Ауқаттанатын демалыс орындары әзірлеген», – деді аудан әкімі.

Кенесары Мырзахметов ауданның ауыл шаруашылығы саласына үлкен үлесін қосқан ардагер тұлға. Бас маманнан, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасарына дейін жоғарылаған. Кеңшар директоры да болды.

blank

Бүгінде ауданның сексеннен асқан ақсақалы осы бір қуанышқа ортақтасып, ақ батасын берді.

«Бүгін мемлекетіміздің ерекше күні атап өтіліп жатыр. Әр елдің ең күшті байлығы адам. Адамға жасалып жатқан спорт кешені өте керемет. Біздің болашағымыз жастар. Келешегіміз жарқын болуы үшін денсаулықтары мықты болуы керек. Жеткіншектерді тәрбиелейтін осындай орындар көп болсын. Соның бір көрінісі ауданымызда байқалып жатыр. Өте қуаныштымыз», – дейді Кенесары Мырзахметов.

Жабық хоккей кордының салынуы Ұзынкөл ауданында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудағы тағы бір маңызды қадам болмақ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі Серік Мусин бұл бастама қысқы спорт дамуына жасалған үлкен қадам екенін айтып отыр.

blank

«Бұл жерде барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта хоккейден аудан құрамасын жасақтай аламыз. Балаларға отыз жұп коньки әкелінді. Тек жұмыс істеу ғана қалды», – дейді Серік Мусин.

Жоба аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша іске асырылған.

Бас мердігері – «Эксклюзив Строй» серіктестігі. Жобаның жалпы құны 337 млн теңгені құрайды.

Ұзынкөлдіктер спорт нысанын ашпас бұрын жылдағы дәстүр бойынша ту көтеру рәсімін жасады.

blank blank blank blank

Еліміздің әнұраны мен «Көк тудың желбірегені» әні жиналған жастарға ерекше патриоттық сезім сыйлады.

blank blank blank blank

Рухтанған жасөспірімдер футбол мен теннистен республика күніне арналған турнирді бастап жіберді.

blank

Мерекеге орайластырылып ұйымдастырылған жәрмеңке де тұрғындардың мерейін көтеріп тастағандай.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Айдана Марат