Журналистер мерекесі қарсаңында әріптесімізге һадия сыйлығы табысталды

Журналистер мерекесі қарсаңында әріптесімізге һадия сыйлығы табысталды

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Журналистер күнінің қарсаңында»: Қостанай облыстық мешітінің баспасөз хатшысы, белгілі журналист Оразалы Отынбайұлы Жақсанға, Қостанай телевидениесінің шеф-редакторы Нәзгүл Қәдірханқызы мен Қостанай таңы редакциясының фото-тілшісі Жансая Аянқызы Сабитбекке алғыс хатпен «һадия-сыйлық» табыс етілді.

Асыл дініміз Исламның ел арасында насихатталуына сүбелі үлес қосқандары үшін мешіт ақсақалдары мен ұжымы шынайы ризашылығын білдірді.Қуанышты күндер көп болғай!