Теріскейге көш: қызылордалықтардың дені СҚО және Қостанай облыстарын таңдаған

Теріскейге көш: қызылордалықтардың дені СҚО және Қостанай облыстарын таңдаған

Биыл алғашқы жарты жылда Қызылорда облысынан еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне 49 отбасы немесе 190 адам қоныс аударды.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдеді.

Оның басым бөлігі Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын таңдаған.

– Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыруға бағытталған бағдарлама 2013 жылы қабылданған болатын. Содан бері қоныс аударған 11 отбасы 29 мүшесімен жанұялық жағдайына, ауа райының қолайсыздығына, денсаулығына байланысты облысымызға қайтып келген, – деді департамент басшысының міндетін атқарушы Жанар Дәулетбаева.

📌@qazaqparat_kz