Қостанайдағы емдеу мекемесінде болған оқиғаға облыс әкімі пікір білдірді

Қостанайдағы емдеу мекемесінде болған оқиғаға облыс әкімі пікір білдірді

Әлеуметтік желіде Қостанайдағы медициналық мекемелердің бірінде пациенттің медицина қызметкеріне балағат сөздер айтып, әдепке жат әрекет жасағаны түсірілген бейне тарады.

Осы оқиғаға байланысты Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеме жасап, медицина қызметкерлеріне қатысты агрессия, қорлау мен зорлық-зомбылықтың кез келген түрі қатаң айыпталатынын айтты.

Өңір басшысы ақ халатты абзал жандар күн сайын азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жолында жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп жүргенін атап өтті. Сондықтан олардың ар-намысы мен қадір-қасиеті қорғалуға, еңбегі құрметтелуге тиіс екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол азаматтарды өзара сыйластық пен құқықтық мәдениетті сақтауға, туындаған даулы мәселелерді тек заң аясында шешуге шақырды.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, аталған оқиғаға құқық қорғау органдары заң талаптарына сәйкес құқықтық баға беріп, тиісті шаралар қабылдауы қажет.