Қостанайда дін өкілдері арасында волейболдан туринир өтті

Қостанайда дін өкілдері арасында волейболдан туринир өтті

«Социум & Я» қоғамдық бірлестігі дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы аясында Республика күніне және Рухани келісім күніне арналған өңірдің діни бірлестіктері өкілдері арасында волейболдан турнир  ұйымдастырды.

 

«Іс-шараның мақсаты: спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, конфессияаралық және қоғамдық келісімді, сондай-ақ қазақстандық бірегейлікті нығайту. Спорттық іс-шара соңында қатысушылар өз әсерлелерімен бөлісіп, жарыстың ұйымдастырылуы үшін алғыстарын білдірді», – дейді турнирдің ұйымдастырушылары.

Жарысқа  ҚМДБ облыстық филиалы, «Қостанай және Рудный епархиясы», «Константино-Еленинский собор» ,  Қостанай қаласының «Церковь Жатвы» ДБ, Рудный қаласының «Нұр» мешіті және «діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ командалары қатысты.

blank blank blank blank blank blank

Жүлдерлі орындарды Рудный қалалық «Нұр» мешіті және «Константино-Еленинский собор» ЖДБ командалары иеленді. Барлық қатысушылар грамота, медаль, сыйлықтармен марапатталды.