Қостанайда Темірбаев көшесіндегі саябақ пайдалануға беріледі

Қостанайда Темірбаев көшесіндегі саябақ пайдалануға беріледі

Теміржол вокзалы жанында салынып жатқан саябақ аяқталуға таяды. Ол Темірбаев және Әл-Фараби көшелерінің қиылысында орналасқан.

Бұл жобаның құны 110,3 млн теңге. Мердігер ұйым «ДК Альянс» ЖШС жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтамақ. Сквер аумағына жаяу жүргіншілер жолы салынып, орындықтар, қоқыс салғыштар қойылды.

blank

Соңғы бес жылда Қостанай қаласында 550 аула аумағының 515-і жөндеуден өткен. Бұл дегеніміз жоспарлы жұмыстың 94 %-нің орындалғанын айғақтайды. 2025 жылы жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 52 аула жөнделді. Жұмыс барысында аула ішіндегі жолдар асфальтталып, жол жиектері ауыстырылды, автотұрақ аймақтары абаттандырылды. Келер жылы тағы 35 ауланы жаңарту жоспарлануда. Осылайша аулаларды қалыпқа келтіру және абаттандыру жұмысы келер жылы толық аяқталмақ.

blank blank blank

Биыл қалада жеті жаңа демалыс аймағы ашылады деп жоспарланған. Олардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің аумағындағы саябақ, Қонай шағын ауданындағы, теміржол вокзалы жанындағы, Темірбаев көшесіндегі сквер, Қасымханов, Абай (164 үй маңы) және Баймағамбетов (164 үй маңы) көшелеріндегі, Міржақып Дулатов көшесі бойындағы, облыс әкімдігі аймағындағы скверлер бар.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді түсірген Диана АЛМАСҚЫЗЫ