Биыл Қостанай облысында мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері кеңейіп, конкурстық іріктеу үдерісі жеделдеді. ЖОО бітірген жастар үшін жаңа тетіктер енгізіліп, болашақ мемлекеттік қызметшілерді даярлауға бағытталған жобалар жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының міндетін атқарушы Мэлс Абдрахманов баяндады.
Іле Алатауы аумағында шамамен 40 ілбіс мекендейді
Бүгін халықаралық ілбіс күні. Елде ілбістердің тіршілігін зерттеу Зоология институтымен бірлесіп жүргізіледі, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.
Арқалықта қос композитордың мұрасы насихатталды
Бұған дейін хабарлағанымыздай Қытай Халық Республикасының елшісі Хань Чуньлин мырза бастаған меймандар Арқалықта болған жұмыс сапарында қос композитордың өмір жолына, өнердегі достығымен етене танысты.
Жылыту маусымы басталмай жатып алты өрт тіркелген
Қостанай облысында қазан айынан бастап өңірде алты өрт тіркелген. Әзірге өрттен қаза тапқандар мен жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласына жауапты басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Саринов мәлімдеді.
Азия Пара ойындарында Қазақстанның қоржынына төрт жүлде қосылды
23 қазанда өткен тасжолдағы жарыста B класында ерлер арасында 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 2 сағат 1 минут 21 секунд нәтижемен алтын медаль иеленді.
Сарыкөл ауданының әкімі жастарға кітап сыйлады
«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге асырылды.
«AQYL CUP»: Қостанай жастары зияткерлік сайыста бақ сынады
«Әділет» партиясының ұйымдастыруымен Қостанай облысының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «AQYL CUP» зияткерлік ойындар лигасының үшінші іріктеу кезеңі өтті.
Қостанайда Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдіктер басталды
Облыс орталығында Республика күніне орай сауда орындары мерекелік жеңілдіктер ұсынуда. 17-27 қазан аралығында өтіп жатқан «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары аясында тұрғындар парфюмерия, киім-кешек, аяқкиім және күнделікті қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып ала алуда.
Қашарда 22 отбасы пәтер кілтін алды
Республика күні қарсаңында Рудный қаласына қарасты Қашар кентінде көп жылдан бері баспана кезегінде тұрған 22 отбасыға пәтер кілттері табысталды.
«Менің Елім – Менің Туым»: Қостанайда патриоттық акция өтті
«Әділет» партиясының жастар қанаты Республика күніне орай «Менің Елім – Менің Туым» патриоттық акциясын ұйымдастырды.
