Жылыту маусымы басталмай жатып алты өрт тіркелген Фото: 24.kz

Жылыту маусымы басталмай жатып алты өрт тіркелген

Қостанай облысында қазан айынан бастап өңірде алты өрт тіркелген. Әзірге өрттен қаза тапқандар мен жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласына жауапты басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Саринов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, жылыту маусымы басталысымен тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу, әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халыққа пештерді, газ жабдықтары мен электр құрылғыларын дұрыс пайдалану тәртібін түсіндіру жұмыстары күшейтілген.

– Жылыту кезеңінің басталуымен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі. Негізгі назар тұрғын үйлердегі өрттің алдын алуға, халықтың әлеуметтік осал топтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударылып отыр. Қазіргі уақытта облыс аумағында алты өрт тіркелді, – дейді Дәурен Саринов.

2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысында қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың үйлерін толық аралап шыққан. Нәтижесінде осы санаттағы 5 090 отбасы есепке алынған. Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың 763 үйіндегі мұржаларды күйеден тазартқан. Сонымен қатар облыс әкімдігі иіс газын анықтайтын 1 234 датчик сатып алған. Бүгінде оның 1 171-і орнатылды. Қалған 63 датчикті әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне орнату жұмыстары жылыту маусымы барысында жалғасады.

            Айтолқын АЙҚАДАМОВА