Қостанайда «Егін орағынан кейін. Агро маусым – 2026» халықаралық іскерлік аграрлық кездесуі өтіп, өңір диқандары шетелдік сатып алушылармен, қайта өңдеушілермен және агробизнес өкілдерімен тікелей байланыс орнатты. Жиын өнімді қайда өткізуге болады, оны қандай бағамен сатуға тиімді, экспорттық нарыққа шығудың жолы қандай деген маңызды сауалдарға жауап іздеген іскерлік алаңға айналды.
«Оқырман ұрпақ»: Қостанайда жаңа жастар оқу қозғалысы бастау алды
«Әділет» партиясының Жастар қанаты еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласынан 1,5 мың оқырманның басын қосатын «Оқырман ұрпақ» жобасын іске қосты. Жоба қатысушылары ай сайын бір кітаптан оқып, өзара пікір алмасу, оқылған шығарманы талқылау және интеллектуалды ойындарға қатысу үшін бас қосады.
Жылдар жалғаған шаңырақ
Арқалықтағы Биекиндер отбасының шаңырағында биыл ерекше қуаныш болды. Қапар Шайсұлтанұлы мен Жұлдызай Әбілхайырова облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанды.
ЖАРТЫ ҒАСЫР ЖАРАСЫМЫ: «Ең үздік аула» жеңімпаздарының шаңырағында
Бұл шаңырақта береке мен татулық та, еңбекқорлық пен шығармашылық та, тәртіп пен тазалық та – бәрі-бәрі біте қайнасып жатыр. Жарты ғасырға жуық жұп жазбаған Николай-Любовь Коваленколардың әсем ауласы да көркем болмыстарының айнасы іспетті. Науырзымдағы «Ең үздік аула» байқауында топ жарған отбасыға мейман болудың сәті түскен еді.
Артур Ластаев: Конституция кемсітушіліктің кез келген түрінен қорғауды қамтамасыз етеді
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Варшавада ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының адам өлшемі жөніндегі конференциясының этникалық және діни толеранттылық пен кемсітушілікке жол бермеу мәселелеріне арналған пленарлық отырысында сөз сөйледі.
Ершовта жаңа спортзал ашылды
Ауылдың әлеуетін арттыратын нысандардың қатарында спорт ғимараттарының орны ерекше. Өйткені спорт – денсаулықты нығайтумен қатар, жас ұрпақты тәртіпке, табандылыққа, командалық рухқа баулитын маңызды құрал. Ұзынкөл ауданына қарасты Ершов ауылында да балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау мәселесі күн тәртібінде болған. Бұған дейін ауыл балалары мектептің шағын спорт залында жаттығып келген еді. Енді бұл […]
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті.
Болашаққа бастар жауапкершілік
Биыл 1 шілдеден бастап еліміздің жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл – мемлекетіміздің конституциялық дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы. Ата Заңда адам, оның құқықтары мен бостандықтарымен қатар, білім, ғылым, инновация, еңбексүйгіштік, прогресс және қоршаған ортаға жауапкершілік секілді құндылықтарға да айрықша мән берілген.
Қазақстан Президенті Орталық Азияға қатер төндіретін басты сынақтардың бірін атады
Қазақстан Президенті Түрікменстанда өтіп жатқан Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Диалогтың жалғасы: Ташкенттен Қостанайға дейін
Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығы «Егін орағынан кейін. Агро маусым – 2026» агрофорумына қатысу үшін өңірге келген іскерлік серіктестерін қарсы алды.
