Диалогтың жалғасы: Ташкенттен Қостанайға дейін

Диалогтың жалғасы: Ташкенттен Қостанайға дейін

Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығы «Егін орағынан кейін. Агро маусым – 2026» агрофорумына қатысу үшін өңірге келген іскерлік серіктестерін қарсы алды.

Бұл кездесу қыркүйек айында Ташкентте өткен Asia Grains & Oils Conference in Tashkent 2026 халықаралық конференциясында басталған іскерлік диалогтың жалғасы болды. Сол кезде Қостанай аграршылары саланың ірі кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындаған еді.blank
Енді қол жеткізілген уағдаластықтар практикалық деңгейге көшуде. Кәсіпкерлер палатасының алаңында B2B кездесулері өтіп, оның барысында қатысушылар нақты келісімшарттарды, өнім жеткізу мәселелерін және алдағы маусымға арналған жоспарларды талқылайды.blankblank
Халықаралық ынтымақтастық — жаңа өткізу нарықтары, инвестициялық мүмкіндіктер және аграрлық сектор үшін жаңа перспективалар.
Бизнестің тікелей диалогы Қостанай облысының экономикалық әлеуетін нығайтып, агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамытуға берік негіз қалыптастырады.blank