Рухани байлық кітаппен өлшенсе, оны сан буын ұрпаққа жеткізетін кітапхананың жауапкершілігі зор. Кешегінің мұрасын бүгінгі мүмкіндіктермен сабақтайтын орда да осы. Қостанайда өткен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда саланың өткені сараланып, болашақ даму бағыттары талқыланды.
«Пойызды күтпесеңіз, айналма жол бар»
Береке және Әуежай шағын аудандарының арасын қосатын автожолдың ашылғанына 3 жыл болды. Теміржол өткелін басып өтетін бұл бағыт біраз жолаушының шаруасын жеңілдеткені рас. Алайда, тұрғындар пойызды күтіп тұрып қалатындарын айтып, жиі шағымдануда. Қала әкімі Марат Жүндібаев осы мәселеге қатысты ресми түсініктеме беріп, сан сауалға нүкте қойды.
Қостанайда құтқарушыларға құрмет көрсетілді
19-қазан елімізде Құтқарушылар күнін атап өтеді. Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев аппарат кеңесінде сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, үздіктерді Құрмет грамотасымен марапаттады.
Жазба айтыс: Злиха Кенжеғозина мен Думан Елубай
Сонымен, «Қостанай таңы» газетінің төл жобасы – облыстық ашық жазба айтыстың да мәресіне таядық. «Ұлылар – ұлттың ұстыны» атауымен өткен жыр-өлең додасының шешуші айналымын Злиха Кенжеғозина мен Думан Елубай түйіндеп отыр. Ақырғы кезеңде сөз сайыстырған ақындардың осалы жоқ. Жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталатын сәт те алыс емес. Ал әзірше соңғы жұптың айтысын оқи отырыңыздар!
Рақымжан Қошқарбаев – ерлік пен батырлықтың мәңгілік символы!
Бүгін – қазақ халқының даңқты перзенті, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 102 жыл.
Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін еншіледі
Айчи-Нагоя Азия Пара ойындарында пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов 249.1 ұпай жинап, чемпион атанды.
Тұрсынай Қабыл – Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері
Қостанайлық спортшы Тұрсынай Қабыл Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен күміс медаль жеңіп алды!
Қазақстандық шабандоздар Allur Endurance CUP 2026 халықаралық турнирінің барлық жүлделі орындарын иеленді
Халықаралық ат марафонының жеңімпазы Қостанайдағы Allur зауытында құрастырылған Chevrolet Cobalt автокөлігін жеңіп алды.
Мұз үстіндегі ертегі: Қостанайда болашақ чемпиондар жарқырады
Қостанайдағы «Мұз айдыны» аренасында мәнерлеп сырғанаушылардың «Жастар уақыты» атты шоуы өтті. Мұз үстіндегі әсем қимыл, үйлесімділік пен нәзіктік тоғысқан кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жас спортшылардың шеберлігін паш етті.
Самалай Ерғалиева – Азия кубогының чемпионы!
Қостанай спортына тағы бір алтын медаль! Қазақстан қоржынына жарқын жеңіс!
