«Тайқазан», «Замандас» деп отырғанымыз танымал журналист Нәзира Жәрімбетованың облыстық «Qostanai» арнасында қызмет етіп жүргенінде дайындаған хабарлары.
Тілшінің тарланы, ақпараттың арланы
Қабағын сәл түйіп, пернетақтаға жоғарыдан шүйіле қарап отырған — біздің Мәкең! «Хабар» арнасының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі — Мағауия Назымұлы Қалиев.
Қуаңшылыққа да, тұзды топыраққа да төтеп беретін жаңа арпа сорты пайда болды
2026 жыл аграрлық ғылым үшін маңызды жаңалықтармен есте қалмақ. Ғалымдар қуаңшылыққа және топырақтың тұздануына төзімді жаздық арпаның жаңа «Батырхан» сортын таныстырды.
Қостанай облысының әкімі Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтады
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов тілдің ұлттың рухани қазынасы, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің негізі екенін атап өтті. Бұл атаулы күннің Алаш қайраткері, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуінің символдық мәніне тоқталды.
Ұлы аманаттың ұясы
Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов музейі – Алаштың арман-мұратын, ұлт тарихы мен рухани мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізген тағылымды мекен.
Жаңа алаң пайда бола ма?
Қостанайда мерекелік іс-шараларды өткізуге арналған ауданы алты гектар болаты алаң пайда болуы мүмкін. Көп функционалды кеңістік Колесные ряды ауданының аумағында құрылмақ.
«Тіл – рухани қазына»: рухани мереке қарсаңында үздіктер марапатталды
Қостанайда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» атты мерекелік іс-шара өтті.
Алдағы күндері күндіз 37 градусқа дейін ыстық болады
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысымы жоғары аймақтың ықпалында болады.
Мемлекеттік қызметшілер тақта басында: шахматтағы әр жүріс – өмірдегі шешім
Қостанайда мемлекеттік қызметшілер арасында зияткерлік бәсекені қыздырған «GOVERNMENT CHESS CUP 2026» командалық шахмат турнирі басталды.
111 мың теңгеге дейін: мүгедектік жәрдемақы мөлшері белгілі болды
Бүгінде Қазақстанда мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 544 мыңнан астам адам алады.
