Алдағы күндері күндіз 37 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері күндіз 37 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысымы жоғары аймақтың ықпалында болады.

Осыған байланысты ауа райы негізінен құрғақ, бұлтсыз және жауын-шашынсыз болады.
Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен қатар қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.

Елдің басым бөлігінде жаздағыдай жылы күндер күтіледі. Алайда шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі ауа температурасы салқын болады.
Ауа температурасы күндіз:
батыста, солтүстікте, орталықта +25…+33°С;
шығыста +20…+25°С;
оңтүстікте +28…+37°С;
оңтүстік-шығыста +20…+30°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+20°С.
@qazaqparat_kz