Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өңірлердегі гидрометеорологиялық жағдай туралы баяндады.
Қостанай қаласы су тасқынына дайын ба?
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай қаласының көктемгі су тасқынына дайындық барысын тексерді. Ол қала әкімімен, жауапты мекеме өкілдерімен, басқарма басшыларымен және БАҚ өкілдерімен бірге автобусқа отырып қаланы аралап шықты.
Қостанай облысында су қоймаларында жарылыс жұмыстары басталды
Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Қарасу ауданы Новоселовка ауылының маңында Құндызды өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Арқалық қаласының әкімі үндеу жасады
Биыл бұл өңірде қардың түсу көлемі жылдағы өлшемнен екі-үш есе көп. Қатты соққан жел даладағы қарды қала және қалаішілік кенттерге толтырып, үйіп тастады. Осыған байланысты қала әкімі Әмірхан Асанов көктемгі су тасқынынан сақтану үшін тұрғындарға үндеу жасады.
Су тасқынына дайындық: ел аумағының 71%-ында қар жатыр
Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын хабарлады. Ол 11 наурыздағы жағдай бойынша қар астында жатқан аумақ 71%-ды құрайтынын, дегенмен бұл өткен аптаға қарағанда 15%-ға аз екенін атап өтті.
Ескерту жарияланды: жолдар жабылды
Облыста ауа райы күрт нашарлады. Әсіресе, оңтүстік аудандарда осыған байланысты тас жолдар жабылды. Мәселен, Арқалық-Торғай, Әулиекөл- Жалдама, Қарасу-Қойбағар-Большой Чураков, Ұзынкөл-Сарыкөл бағыттарымен кез келген көлік түрімен жүріп өтуге тыйым салынады.
Вице-министр Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы нысандарды аралады
Сапар аясында ол Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов және Қостанай облысының ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетовпен Тобыл қаласындағы тасқын судан қорғайтын бөгеттің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жөндеу жұмыстары барысында бөгеттің су өткізу қабілетін арттыру, бекіту жүйесін нығайту және қорғаныс деңгейін жоғарылату көзделгені туралы айтылды.
Қостанайда «Көктем-2025» оқу-жаттығулары басталды
Республикалық команда-штаб оқу-жаттығуларының екінші кезеңін ТЖМ вице-министрі Рамиль Камалов арнайы барып көрді. Сондай-ақ ол облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен қостанайлық құтқарушылардың су тасқыны қаупіне қарсы даярлық барысымен танысты.
Қарасу ауданында су тасқынына қарсы қамданыс жайы тексерілді
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камаловпен бірге Қарасу ауданында болып, су тасқынына қарсы шаралардың кешенді тексерісін өткізді.
«Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды.