Облыста ауа райы күрт нашарлады. Әсіресе, оңтүстік аудандарда осыған байланысты тас жолдар жабылды. Мәселен, Арқалық-Торғай, Әулиекөл- Жалдама, Қарасу-Қойбағар-Большой Чураков, Ұзынкөл-Сарыкөл бағыттарымен кез келген көлік түрімен жүріп өтуге тыйым салынады.
Бұған дейін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен:
“10 наурызда Қостанай облысында түнде облыстың солтүстік жартысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с”, – деп ескерткен болатын.
ТЖД облыс тұрғындарынан алыс жолға шықпауын ескертеді.