Вице-министр Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы нысандарды аралады

Вице-министр Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы нысандарды аралады

Сапар аясында ол Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов және Қостанай облысының ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетовпен Тобыл қаласындағы тасқын судан қорғайтын бөгеттің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жөндеу жұмыстары барысында бөгеттің су өткізу қабілетін арттыру, бекіту жүйесін нығайту және қорғаныс деңгейін жоғарылату көзделгені туралы айтылды.

Сондай-ақ, Рамиль Камалов Қостанайда жақында салынған жаңа бөгетті көріп, оның құрылысы мен тиімділігіне баға берді. Департамент бастығы Д. Ермағамбетов өңірдегі су тасқынына қарсы дайындық шаралары мен инженерлік құрылымдардың жай-күйі ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, вице – министр №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тыныс тіршілігімен танысты. Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен танысып, техникалар мен құрал- жабдықтарды бағалады.

Өрт сөндіру бөлімінің музейін аралап, Қостанай өңіріндегі өрт сөндіру қызметінің тарихымен танысты. Музейде әр жылдары қолданылған арнайы киімдер, жабдықтар, суреттер мен өрт сөндірушілердің ерлігін баяндайтын деректер ұсынылған.

ҚР ТЖМ вице- министрі Рамиль Камалов №1 МӨСБ пікірлер кітабына өз тілегін жазып, бөлім қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Жаңалықтармен бөлісу