Владимиров ауылында 400 басқа арналған заманауи тауарлы сүт фермасы іске қосылды. Кәсіпорын жылына 4 380 тонна сүт өндіруге қауқарлы. Ал Қостанай ауданындағы екі сүт фермасы жобалық қуатына шыққаннан кейін өңірдегі жылдық сүт өндірісі 37 пайызға артады.
Қостанай ауданындағы орман алқабы жаңа демалыс орнына айналды
Қостанай ауданында 43,8 гектар аумақты алып жатқан жаңа экопарк есігін айқара ашты. Құны 660 миллион теңге болатын нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қатысты.
Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар енгізіледі
Мемлекеттік наградалар қатары «Шәмші Қалдаяқов» медалі және «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағымен толықпақ. Тиісті заңнамалық түзетулер Құрылтайда бірінші оқылымда мақұлданды.
Елордада Astana Media Week халықаралық медиа форумы басталды
Биыл оныншы рет ұйымдастырылған кәсіби басқосу журналистерді, медиа менеджерлерді, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерін және халықаралық сарапшыларды бір алаңға жинады. 14-16 қазан аралығында өтетін жиында цифрлық технологиялардың ықпалы, жасанды интеллектіні қолдану мәдениеті және аудитория сенімін сақтау мәселелері талқылануда.
«Вандализмге жол жоқ!»: Қостанай жастары заңсыз граффитилерді өшірді
«Әділет» партиясы Жастар қанатының бастамасымен Қостанай қаласында «Вандализмге жол жоқ!» атты экологиялық акция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – «Шағала» жағалауы аумағын тазарту, қоғамдық кеңістіктерді вандализм әрекеттерінен қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Қазақ тобына кездейсоқ келген Милена енді қазақ мектебінде оқуы мүмкін
Мемлекеттік тілді балабақша жасынан бастап меңгерудің маңыздылығын қоғам терең түсіне бастағандай. Өзге этнос өкілдері балаларын кішкентайынан жетелеп қазақ топтарына беріп жатыр.
Қостанай облысында көктемгі су тасқынына дайындық күшейтілді: 22 гидротехникалық нысанның жағдайы сын көтермейді
Қостанай облысында алдағы көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары қазірден қолға алынды. Өңірде су басу қаупі бар 113 автомобиль жолының учаскесі анықталған.
Сақтандырусыз да тегін тексерілуге бола ма? Қазақстанда жаңа ереже ұсынылды
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарға медициналық көмек алу мүмкіндігін кеңейту жоспарланып отыр.
Бүгін Құрылтай отырысы өтеді: республикалық бюджет жобасы қаралады
Күн тәртібінде «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға енгізілетін түзетулер екінші оқылымда қаралады.
Өңірде алғаш рет күрделі тамыр отасы жасалды
Қостанай облыстық ауруханасының хирургтері өңір тарихында алғаш рет құрсақ қолқасының аневризмасы бар науқасқа стент-графт имплантациялау отасын сәтті орындады.
