Білім ордасындағы жиын саналы ұрпақтың сенімді болашағына түрткі бола алды ма?

Білім ордасындағы жиын саналы ұрпақтың сенімді болашағына түрткі бола алды ма?

Арқалықтағы Абай мектебінде қалалық білім бөлімі мен «Аналар кеңесі» бірлесе отырыс кеңесін ұйымдастырды. Оған қала мектептерінен жоғары сынып оқушылары мен колледждердің студенттері қатыстырылды.

Жиында жастар тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен баяндамаларға кезек берілді.

blank blank

Олардың ішінде Арқалық қалалық «Аналар кеңесінің» төрағасы Бақытжамал Қалтаева мен А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнагүл Жапарованың ой-пікірлері ерекше көпшіліктің назарын аударды.

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Біз балаларды тек біліммен қаруландырып қоймай, олардың бойына ұлттық рухты, салт-дәстүрді, инабаттылық пен адамгершілік қасиеттерді сіңіруіміз керек. Тәрбиенің негізі – отбасында, ал қоғам оның жалғасы. Ұлттық құндылықтарды бала бойына жастайынан дарытсақ, болашақта ел тізгінін сеніп тапсыратын азаматтар өсіп шығады», – деді Бақытжамал Қалтаева.

blank

Ал Айнагүл Жапарова өз баяндамасында заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні тәрбие үдерісіне енгізудің маңыздылығына тоқталды:

«Қазіргі буын – цифрлық дәуірдің жастары. Оларды тәрбиелеуде біз де жаңа тәсілдерге көшуіміз керек. Жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын оятып, тәрбиелік іс-шаралардың тиімділігін арттыра аламыз. Бірақ бұл бағытта этикалық құндылықтарды естен шығармау – басты міндет», – деді ол.

blank blank

Жиын барысында қатысушылармен ашық пікір алаңы құрылып, жастар көкейдегі сауалдарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды.

blank

«Аналар өз ақыл-кеңестерін ортаға салып, жастарды адалдыққа, еңбекқорлыққа үндеді. Конференциядан түйген ой – ел болашағы саналатын жас ұрпақтың санасына ұлттық рух пен адамгершілік дәнін егу – баршамыздың ортақ парызымыз», десті жиналғандар.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы