Қостанай облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Талант Талғатұлы Ермановтың Еңбек күніне арналған сұхбаты.
Құмар Ақсақалов: «Жылу беру маусымын уақытында бастамаған әкім жауапқа тартылады»
Облыста жылу беру маусымы 1 қазанда басталады. Басты міндет – қыраукөз қыста өңір халқын тұрақты, үздіксіз жылумен қамтамасыз ету, апаттық жағдайларға жол бермеу және отын қорының жеткілікті болуын қамдау.
Өңірдің жылу беру маусымына әзірлігі пысықталды
Энергетикалық және коммуналдық секторлардың ала жаздай дайындығы сыналатын кез таяды. Асқан жауапкешілікті талап ететін кезең алда тұр. Алайда мамандардың сендіруінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік сала нысандары алдағы жылу беру маусымына толық дайын.
Өңірлер, қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің өкілдері – Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді.
5 алтын! ММА шебері Еркінғали Бүркіталин — XX жазғы Азия ойындарының чемпионы!
Отандасымыз Еркінғали Бүркіталин (дәстүрлі стиль) 77 кг дейінгі салмақтың финалында бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3-0.
Жалақысыз қалған 392 жұмысшы: «АБЗ Плюс» қарыздан қалай шығады?
Қостанайда жүздеген жұмысшы бірнеше айдан бері жалақысын толық ала алмай жүр. Олардың қатарында «АБЗ Плюс» ЖШС компаниясының 392 қызметкері бар. Кәсіпорынның өзінде жалақы бойынша берешек 711 млн теңгеге жеткен. Жалақысы кешігіп жатқан жұмысшылардың жағдайы қандай және кәсіпорын бұл тығырықтан қалай шығуды көздеп отыр?
Дрондар полицияның күнделікті қызметінде: 20 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Ішкі істер министрлігі дрондар полиция қызметкерлеріне жолдағы жағдайды бақылауға, құқық бұзушылықтарды анықтауға және қажетті ақпаратты әуеден жедел алуға мүмкіндік беріп отырғанын хабарлады.
Адалдық – басты қағида: Қостанай оқушылары парасаттылық туралы пікір алмасты
Қостанайда жас ұрпақ арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған ашық кездесулер жалғасып жатыр.
Жылу беру маусымы қашан басталады?
Қостанай қаласы жылу беру маусымына дайын. Әзірлік жұмыстары әлдеқашан аяқталып, ақаулар алдын ала қалпына келтірілді. Ендігісі күн райын бақылауда ұстап, маңызды әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді дер кезінде жылумен қамту.
Тазалық – қоғамдағы мәдениеттің өлшемі
Президенттің «Таза Қазақстан» аясындағы сөзінің өзегінде тазалықты тек қоршаған ортаның мәселесі ретінде емес, қоғамның мәдениеті мен азаматтың ішкі жауапкершілігімен байланысты қарау идеясы жатыр.
