Қостанай ауданында жалпы қуаты 100 мегаватт болатын екі жел электр станциясының ашылу рәсімі өтті. Жобаларға 38,6 млрд теңге инвестиция салынған. Өңір билігінің мәліметінше, жаңа нысандар облыстың электр энергиясын өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Салтанатты шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Жобалар Шеминов ауылы аумағында жүзеге асырылып жатыр.
Құмар Ақсақалов: «Жылу беру маусымын уақытында бастамаған әкім жауапқа тартылады»
Облыста жылу беру маусымы 1 қазанда басталады. Басты міндет – қыраукөз қыста өңір халқын тұрақты, үздіксіз жылумен қамтамасыз ету, апаттық жағдайларға жол бермеу және отын қорының жеткілікті болуын қамдау.
Өңірдің жылу беру маусымына әзірлігі пысықталды
Энергетикалық және коммуналдық секторлардың ала жаздай дайындығы сыналатын кез таяды. Асқан жауапкешілікті талап ететін кезең алда тұр. Алайда мамандардың сендіруінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік сала нысандары алдағы жылу беру маусымына толық дайын.
Елімізде авиациялық отын өндіруге арналған экожүйе құрылады
Алатау қаласының аумағында алғашқы тәжірибелік пилоттық жоба іске қосылмақ. Үкіметте Алатау қаласында тұрақты авиациялық отын өндіру жөніндегі экожүйені құру туралы меморандумға қол қойылды.
АЖЭК жылыту маусымын аяқтады
2025-2026 жылғы қысқы жылыту маусымының сәтті аяқталуын атап өту үшін Арқалық жылу электр компаниясы (АЖЭК) қызметкерлерінің бастамасымен түрлі спорт түрлерінен ішкі спартакиада өткізді. Арқалық ЖЭК өндіріс менеджері Әскербек Әлмағанбетов пен кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше бұл турнир екі маңызды оқиғаға арналған. Жылыту маусымының сәтті аяқталуымен қатар, бұл жарыс Арқалық қаласының 70 жылдығына арналып отыр. Спартакиадаға АЖЭК […]
Құмар Ақсақалов: «Баламалы энергия өндіру жөнінен жетекші өңірлердің біріне айналамыз»
Индустриялық өсімді қамтамасыз ету үшін Қостанай облысы баламалы энергетика саласын қарқынды дамытып келеді. Облыс әкімі брифингте осы бағытқа да тоқтала өтті.
Қостанай ауданында жел электр станциясы салынып жатыр
Майкөл ауылдық округі аумағында жаңа жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Алып бағаналардың бүгінге дейін жетеуі орнатылып үлгерген.
