5 алтын! ММА шебері Еркінғали Бүркіталин — XX жазғы Азия ойындарының чемпионы!

5 алтын! ММА шебері Еркінғали Бүркіталин — XX жазғы Азия ойындарының чемпионы!

Отандасымыз Еркінғали Бүркіталин (дәстүрлі стиль) 77 кг дейінгі салмақтың финалында бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3-0.

Осы тұста MMA Жапонияда алғаш рет жазғы Азиада бағдарламасына қосылғанын айта кетейік.

«Қазір Қазақстан командасының еншісінде Азиаданың 5 алтыны бар. Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы Инаэ спорт орталығында аралас жекпе-жектен Азия ойындарының финалдары өтіп жатыр», – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.