Александр – Қамысты ауданының тумасы. Жасы небәрі жиырманың үстінде ғана. Бірақ тірлігіне қарап, оны көптен бері осы кәсіптің ортасында жүрген жан деп ойлайсың.
«Қазақ тілі менің бойыма бала күнімнен сіңді»
Ұзынкөл ауданында еңбек етіп жүрген мал дәрігері Вера Яковенко осылай дейді.
Қостанайлық кәсіпкер ерекше қызмет түрімен айналысады
Юрий «Маренчук төсекке таңылған науқастарды арнайы көлікпен тасымалдау қызметін жүзеге асырып келеді. Кәсіпкер бұл ісін 2021 жылдан бері атқарып жүр.
Арқалықта «Қоғамдық кеңестің» кеңейтілген отырысы өтті
Арқалық қаласына арнайы жұмыс сапарымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Ұзынжас келіп, сапар барысында қала әкімі Әмірхан Асановпен бірге құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандармен танысты. Қалалық «Қоғамдық кеңестің» кеңейтілген отырысына қатысты.
Көкше мен Қостанай арасында рухани алтын көпір орнады
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті журналистика білім беру бағдарламасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құрақ құраған – құралады
Талайды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыннан қиыстырып құрақ құрау. Құрақ құрау жай ғана қолөнер емес, оның астарында үлкен тәрбие мен мән-мағына жатыр. Бұл өнер әлі күнге ел санасынан өшкен жоқ десек те әнін айтып, құрақ құрайтын апалар ел ішінде азайған сияқты.
Ерлігі мен өнері жастарға үлгі
Соғыс қимылдарына қатысқан 75 мың қостанайлықтың 40 мыңнан астамы қаза тапқаны, госпитальдарда қаза тапқаны, хабарсыз кеткені, концлагерьлерде азапталғаны облыстық алты томдық «Боздақтар» естелік кітабына енгізілген. Олардың есімдері мемориалдық ескерткіштерде, обелисктерде, стелаларда мәңгілік қалды. Олар ұмытылмайды, сондықтан өлмейді. Жеңіспен оралған Қостанайлық майдангерлердің бірі – Қасымхан Алдабергенұлы.
Ыбырайдың мерейін үстем еткен жас дарын
Қостанай өңірінде талантты, жігерлі, елі үшін еңбек етуге әзір жастар аз емес. Солардың бірі – Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы, биылғы мектеп түлегі Жазира Кенжебекова. Тек мектебінің ғана емес, облысының да мақтанышына айналған оқушы – қазақ тілі мен әдебиетінен түрлі деңгейдегі білім додаларында топ жарып, ел назарын өзіне аударған ерекше дарын иесі.
Қостанайлық жазушылар Алматыда құрметке ие болды
Алматы қаласындағы «Әдебиетшілер үйінде» өткен дәстүрлі Әдеби жыл қорытындысында Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Жанұзақ Аязбековке «Қазақстанның құрметті жазушысы» атағы тапсырылды. Осы кеште тағы бір жерлесіміз, ілеспе аударманың негізін қалаушы, қаламгер Камал Әлпейісова Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері атанды.
Қостанайда «Этнофестиваль» аясында мәдени-бұқаралық іс-шаралар басталды
Бұл науқанды Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесі Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнап отыр.