ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 584 шетел азаматы еңбек етеді.
IQanat Олимпиадасы – ауыл балаларына зор мүмкіндік
Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернатында IQanat республикалық олимпиадасының 2-ші облыстық іріктеу кезеңі басталды.
Қостанайлық боксшылар Мәскеуде өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
Қаладағы Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бокстан VII Халықаралық турнирде Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының финалистері, екі дүркін әлем чемпионы және үш дүркін Еуропа чемпионы Софья Очигаваның жүлделеріне тамаша өнер көрсетті.
Көрген көзде жазық жоқ: «бабин кескіштер» дегенді қалай түсінеміз?
Бұл хабарламаны Рудный қаласынан оқырманымыз жіберіп отыр.
Ахмет Байтұрсынұлы қызмет істеген Қостанай педагогикалық сыныбы — қазіргі жоғары оқу орнының бастауы
Бұл туралы Ахаң атындағы университеттің Филилогия және практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі Алмасбек Әбсадық Қостанайдағы Жайлаубай ата мешітінде өткен ғылыми конференцияда баяндады.
Жанкелдин ауданында қар суы автожолды басып кетті
Салдарынан Ақкөл-Торғай жолының Ақкөл ауылынан 12 км қашықтықтағы бөлігі жартылай шайылды.
NIS түлектеріне шәкіртақы беріледі
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде. Жаңа серіктестер қатары Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Шэньчжэнь қаласындағы Гонконг Қытай университетімен (CUHK-Shenzhen) толықты.
Полиция тергеуді қолға алды. Жанжал неден шықты?
Қостанайда бұзақылық фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның барлық қатысушылары, оның ішінде 2 кәмелетке толмағандар ұсталып, Полиция басқармасына жеткізілді.
Қазақстанда салмағы 55 млрд тонна болатын техногендік-минералдық қалдықтар тіркелген
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару мәселелері туралы Үкімет отырысында баяндама жасады. Министр Қазақстанда 1 747 техногендік-минералдық қалдықтар тіркелген, олардың жалпы массасы 55 млрд тоннаны құрайтынын атап өтті.
«Ауыл аманаты»: іс бастауға күш береміз
«Ауыл аманаты» жобасы Жамбыл облысынан бастау алады, онда 2019 жылы сол аймақ тұрғындарының табысын арттыру үшін пилоттық жоба ретінде іске асырыла бастаған. Жобаның негізгі мақсаты ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тарту, азық-түлік қауіпсіздігін арттыру және нәтижесінде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болды.