Қостанайлық боксшылар Мәскеуде өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Қостанайлық боксшылар Мәскеуде өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Қаладағы Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бокстан VII Халықаралық турнирде Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының финалистері, екі дүркін әлем чемпионы және үш дүркін Еуропа чемпионы Софья Очигаваның жүлделеріне тамаша өнер көрсетті.
Турнир Мәскеуде өтті және өзге де елдерден 13 пен 40 жас аралығындағы 300-ден астам қатысушыны жинады.

54 келі салмақ дәрежесіндегі алтын медальді жаттықтырушылар Руслан мен Тамерлан Чемурзиевтердің тәрбиеленушісі Рамина Маханова еншіледі.

Ал Анеля Наурызбаева (46 кг) мен Мадина Нұрманова (66 кг) болса қол жүлдегер атанды.

Екі қыздың жаттықтырушылары – Нұрхан Жалғасбеков пен Темірлан Чемурзиев.

Бұл беделді турнир жас спортшылар үшін халықаралық деңгейде мәлімдеме жасауға және әйелдер боксының жоғары бәсекеге қабілеттілігін растауға тамаша мүмкіндік болды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Алексей Таах,
ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу