Әмбебап шабуылшы «Тобыл» құрамына қосылды

Әмбебап шабуылшы «Тобыл» құрамына қосылды

Энрике Девенс 1997 жылдың 20 маусымда Бразилияның Эспириту-Санту штатында дүниеге келген. Футболшы туған жерінен бөлек, Люксембург елінің де азаматы.

Кәсіби мансабын Бразилия клубтарында бастаған. Кейін АҚШ-қа қоныс аударып, жергілікті командаларда ойнады.

2021 жылдан бастап Литваның «Бабрунгас» және «Дайнава», кейін Болгарияның «Крумовград» командасында доп тепті.

2023 жылы «Трансинвест» сапында керемет маусым өткізді: 22 гол соғып, Жоғарғы лигаға жолдама алды.

Биыл Литваның «Жальгирис» клубына ауысып, Кубок кездесуінде хет-трик жасап, чемпионатта дубльмен көзге түсті.

Фото