Қостанайда бұзақылық фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның барлық қатысушылары, оның ішінде 2 кәмелетке толмағандар ұсталып, Полиция басқармасына жеткізілді.
“Екі адамның арасындағы ауызша қақтығыс басқа адамдарды тартумен төбелеске ұласқаны анықталды. Жанжалға қатысушылар уақытша ұстау камерасына, екі кәмелетке толмаған бала кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына орналастырылды”, – дейді бұл туралы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Ерлан Сералин.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы бақылауға алынды.