Наурыз мейрамында полиция мен Ұлттық ұлан бөліністерінің барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару режиміне ауыстырылды.
Бұқаралық іс-шараларда, азаматтардың демалыс орындарында, вокзалдар мен жолдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының арқасында елдегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың деңгейі айтарлықтай төмендеді. Полиция жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, барлық шақыртуларға жедел ден қойды, концерттер кезінде жоғалған балаларды табуға көмектесті және заңнаманың сақталуын қатаң қадағалады.