5 сәуірден бастап ресми тіркеуден өтпеген мопедтер арнайы айып тұрағына қойылады

5 сәуірден бастап ресми тіркеуден өтпеген мопедтер арнайы айып тұрағына қойылады

Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті мопедтерді тіркеу науқанының аяқталуына санаулы күндер қалғанын ескертті.

“5 сәуірден бастап ресми тіркеуден өтпеген мопедтер арнайы айып тұрағына қойылады, ал иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады. Сіздерді саналылыққа және заңға бағынуға шақырамыз! Көлік құралын тіркеу — бұл заң талабы ғана емес, сонымен қатар сіздің жолдағы қауіпсіздігіңіз”, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.

Құқықтарыңызды қорғаңыз және жағымсыз жағдайлардың алдын алыңыз. Істі кейінге қалдырмаңыз — мопедіңізді уақытында тіркеуге асығыңыз!

Жаңалықтармен бөлісу