“Тобыл” ФК бұрынғы ойыншысы Қазақстан ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтады Фото: fctobol.kz

“Тобыл” ФК бұрынғы ойыншысы Қазақстан ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтады

Бұл туралы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәулен әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

“Күні кеше Лихтенштейнге қарсы матчта ұлттық құрама сапында алғашқы голын соққан Александр Марочкин мансабын аяқтап, жастарға жол берді. Бұл ойында Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Марочкин ұлттық құрамада жалпы 52 ойын өткізіп, 1 гол соқты”, – деп жазды Ермұхамед Мәулен.

Александр Марочкин жалпы Арқалық қалының тумасы. 2020 жылы “Қайсар” сапынан “Тобылға” ауысып, қостанайлық клубта төрт маусым өткізген. Соңғы екі жылдан бері елордалық “Астана” клубының қорғаушысы.

Жаңалықтармен бөлісу