«Jańa Dala-Qarqyn 2025»: шаруалар мүддесі бір алаңда шешіледі

«Jańa Dala-Qarqyn 2025»: шаруалар мүддесі бір алаңда шешіледі

Облыста ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған ірі оқиға осымен үшінші жыл жалғасын тауып отыр. Меңдіқара ауданы Степанов ауылында «Jańa Dala-Qarqyn 2025» республикалық аграрлық көрмесі өз деңгейінде ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара өңірдегі заманауи агротехнологияларды көрсету, тәжірибе алмасу, мемлекеттік қолдауларды таныстыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығының даму перспективаларын кеңінен талқылау мақсатымен өтіп келе жатқанын айта кетейік. blankblankОблыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов ашылу салтанатында ауыл шаруашылығы саласындағы басты басымдықтарды, нақты жоспарларды және өңірдің әлеуетін ерек атап көрсетті.

«Бүгінгі таңда облысымыздың ауыл шаруашылығын дамытуда айтарлықтай әлеуеті бар. Бұл, ең алдымен, өңірдің табиғи-климаттық жағдайы мен құнарлы жерлерінің артықшылығы. Бірақ бұл жеткіліксіз – біз бұл әлеуетті нақты табысқа айналдыруымыз керек. Ол үшін әуелі саланы жүйелі түрде дамыту қажет. Инвестиция тарту, өндірісті жаңғырту, инновациялар енгізу, өнімділікті арттыру – осының бәрі негізгі міндеттер», – деді Арман Әбенов.

blankДемек, бүгінгі ауыл шаруашылығы тек дән егіп, өнім жинаудан тұрмайды. Бұл – технологиялық, қаржылық, кадрлық, ғылыми бағыттар тоғысқан кешенді сала. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау шаралары осы саланы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.blankblank

Биыл сол үшін облыстың агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) қолдауға 207 млрд теңге бөлінді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артық (175 млрд тг), ал 2023 жылғы көрсеткіштен екі есе көп (106 млрд тг).blankblank

«Биыл көктемгі егіс науқанын қаржыландыру үшін 62 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінді. Бұл қаражаттың бір бөлігі Аграрлық несие корпорациясы арқылы (36,6 млрд тг), тағы бір бөлігі «Тобыл» ӘКК және азық-түлік корпорациясы арқылы шаруаларға жетті. Бұл – нақты қолдау. Әрбір ауыл шаруашылығы құрылымы оны тиімді пайдаланып, жоғары өнімге қол жеткізуі керек», – деді Әбенов.

Облыста машина-трактор паркі өткен жылы 6% жаңартылды, ал 2025 жылы бұл көрсеткішті 7%-ға жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта жеңілдікті лизинг бағдарламасы арқылы агротехниканы сатып алуға 250 млрд теңгеге дейін қаражат қарастырылған.

«Бүгінде ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жетістігі заманауи, өнімді техникаға тікелей байланысты. Біз шаруаларды қолдай отырып, өндірістің техникалық және технологиялық деңгейін көтеруді көздеп отырмыз», – деді әкім орынбасары.

blank2027 жылға дейін облыста 383 млрд теңгеге 93 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Биыл  36 жоба іске қосылып, 605 жаңа жұмыс орны ашылады. Арман Әбенов бұл бағытта нақты табыстар бар екенін де атап өтті.

«Соңғы екі жылда инвестициялық жобалар аясында 20 млрд теңге игеріліп, сүт-тауар фермаларын, суармалы егіншілік нысандарын дамытуға қаржы бөлінді. Жеріміздің мүмкіндігі зор – оны толық игеру үшін бізге тек тиімді менеджмент пен табандылық қажет», – деді спикер.

blankblankІс-шараға халықаралық серіктестер мен агроиндустрия өкілдері қатысты. Мәселен, ұйымдастырушы менеджер Әділет Сағымбаев «Жаңа Дала» жобасының бас үйлестірушілерінің бірі ретінде Қостанай облысының таңдалуы кездейсоқ емес екенін айтты.

«Мен өзім осы өңірдің, Әулиекөл ауданының тумасымын. Жоба осымен үшінші жыл Қостанайда өтіп жатыр. Бұл – аграрлық саладағы үздік тәжірибелермен бөлісуге таптырмас мүмкіндік. Мұнда фермерлер көрме үшін емес, тәжірибе алмасу, нақты келісімдер жасау үшін келеді. Екі мәжіліс залы жұмыс істеп тұр, алғаш рет дала жағдайында астық конференциясы өткізілуде, сатып алушылар мен өндірушілер тікелей кездесіп отыр. Бұл – отандық агроөнеркәсіпке серпін беретін алаң», – деді ол.

blankБұл тұста халықаралық әріптестік орнатылып, жиырмадан астам елдің өкілдері бір алаңда тәжірибе алмасты. Мысалы, Молдова Қазақстанмен тәжірибе бөлісуге дайын екенін білдірді. Молдованың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Штефан Горда көрменің халықаралық маңызын ерекше атап өтті.

«Бұл көрмеге қатысу – біз үшін үлкен құрмет. Мұндай іс-шаралар тек аграрлық инновацияны таныстырумен шектелмейді, сонымен қатар елдер арасындағы өндірістік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Біз Молдова мен Қазақстан арасындағы достық байланыстарды жоғары бағалаймыз. Қостанай облысын тұрақты әріптес өңір ретінде ұсынып отырмыз. Бұл нақты инвестициялық жобаларға жол ашады», – деді ол.

blankШтефан Горда көрме барысында өңірдің құнарлы алқаптарын көріп, жергілікті диқандардың еңбегіне жоғары баға берді. Көрмеде заманауи техникалар мен тың жаңалықтар ұсынылды. Іс-шараның басты демеушілерінің бірі – «Астана Агро Партнер» компаниясы. Коммерциялық менеджер Нұржан Сүлейменов бұл жолы көрмеге Италиядан әкелінген егістік техникасын таныстырды.blankblankblankblank

«Бұл техника 340 гектарға дейін дән себуге қабілетті. Қазіргі таңда Меңдіқара ауданындағы «Сатай» шаруа қожалығы осы техникамен 2500 гектарға майлы дақыл егіп үлгерді», – деді ол.

blankblankblankАл «Динамика» агро компаниясы көрмеге бау-бақша шаруашылығына арналған тыңайтқыш себу және суару роботын әкелді. Шынжыр табанды бұл техника қиын жерлерде жұмыс істеуге бейімделген және 300 литрге дейін жанармаймен үздіксіз жұмыс істей алады.blankblankКөрменің басты мақсаты – фермерлерге, инвесторларға, техника өндірушілер мен сатып алушыларға бір алаңда кездесу, тәжірибе мен идея алмасу мүмкіндігін беру. Бұл –жалпы еліміздің агроөнеркәсіптік кешені үшін маңызды қадам. Ел алдындағы жауапкершілік. Мақсат – тұрақты жұмыс істейтін, бәсекеге қабілетті, тиімді шаруашылықтар қалыптастыру. Бұл арқылы ауыл экономикасы дамиды, халықтың өмір сапасы артады.blankblankblankblankblankblankblankblankblank

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ