Қостанай облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Қостанай облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

ҚазАвтоЖол ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысында республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

«Бүгін сағат 17:00-де «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340–377 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Шектеу жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Қазіргі таңда жол қызметтері жағдайды бақылауда ұстап отыр», – делінген ресми мәлімдемеде..

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 📞 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

Жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын ауа райы мен жол жағдайын нақтылап алу ұсынылады.