Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына 2 алтын медаль түсті. Әйелдер арасында 3 позицияда 50 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде жекелей сында София Шульженко жеңімпаз атанды.
Мұнда күміс пен қола Үндістан спортшыларының еншісінде. Ұлттық құрама спортшылары — София Шульженко, Арина Малиновская мен Елизавета Безрукова ақтық сында өнер көрсетіп, жалпы есепте 1-орын алды.

