Федоров ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Үздік аула» байқауы тұрақты өтеді.
Қазір қатысушылардан өтінім қабылдау жалғасуда. Одан бөлек аудандағы абаттандыру мен көгалдандыру жұмысына үлес қосып жүрген бірқатар эко еріктілер бар екен.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өлке тазалығына бір кісідей ат салысып жүрген белсенді балаларға 100 мың теңгелік сертификаттар табыстады.
Сондай еңбекқор жастың бірі Диана.

«Біздің ауылда көп өзгерістер болып жатыр. Адамдар өз үйлерінің жанын тазалайды. Сондықтан біздің ауылымыз таза, көрікті мекенге айналуда. Мен үшін «Таза Қазақстан» бағдарламасы – жауапкершілікке жетелейтін қадам. Тәртіп пен тазалықты сақтауды әр адам өз ауласынан бастағаны жөн», – деді Новошумный ауылының белсенді жасы Диана Алпыспаева.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Федоров ауданы
