Қостанайда Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері күні аталып өтті

Қостанайда Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері күні аталып өтті

Бұл кәсіби мереке 13 желтоқсанға белгіленген. Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері күні. Қостанай қаласында сала мамандары кәсіби мерекелерін алғаш рет ресми түрде атап өтті. Айтулы күнге орай Жастар сарайында ауқымды іс-шара болды.
Қылмыстық атқару жүйесі мемлекеттің құқық қорғау органдарының құрамдас бөлігі. Қылмыстық жазаларды орындау және сотталғандарды түзету міндетін қоса атқаратын кешенді құрылым. Яғни, түрлі қауіпсіздік деңгейіндегі мекемелерде бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру сияқты жазалардың орындалуын бақылайды.

Тек жазалау ғана емес, сонымен бірге сотталған адамды түзеу және оның қоғамға қайта оралуына жағдай жасайды. Сотталғандарды еңбекке баулу, олардың кәсіби дағдыларын дамыту арқылы еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Сала мамандарын арнайы құттықтау үшін салтанатты жиынға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.

«Биыл тұңғыш рет атап өтіліп жатқан кәсіби мерекелеріңізбен, сондай-ақ ел тарихындағы ең қастерлі әрі тағдырлы мереке ҚР Тәуілсіздік күнімен құттықтаймын. Қылмыстық атқару жүйесі құқық қорғау органдарының ажырамас әрі аса маңызды буыны. Бұл салада қызмет ету жоғары жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті, төзімділік пен адамгершілікті талап етеді. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз заңның бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етуге, сот шешімдерінің әділ әрі толық жүзеге асуына, қоғамдағы тұрықтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Осы жолда сіздер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, қылмыс жасаған адамдарды түзетумен, қоғамға қайта бейімдеуге зор үлес қосып келесіздер. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде «Заң мен тәртіп» қағидаты дәйекті түрде жүзеге асуда. Аталған бастама құқық үстемідігін күшейтуге, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бұл бағытта Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жауапкершілігі ерекше. Сіздер заң талаптарын қатаң сақтай отырып, қызметтік міндеттеріңізді адал атқарып, әділдік пен тәртіптің мызғымас қағидаттарын іс жүзінде іске асырып келесіздер», – деді Бақытжан Нарымбетов.

Облыс әкімінің орынбасары Құмар Ақсақаловтың атынан бірнеше қызметкерге саладағы қалтқысыз қызметі үшін рахметін айтып, ардагерлер мен мамандарға Құрмет грамоталарын табыстады. Одан кейін Қостанай облысы мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов саханаға шығып лебізін білдірді. Мәслихат төрағасы да қызметкерлерге Алғыс хат табыстып, сый-сияпат көрсетті. ҚР Қостанай облысының прокуроры, үшінші санатты мемлекеттік әділет кеңесшісі Марат Сейсембаев саласас әріптестерін арнайы құттықтап, қызметкерлерді марапаттады.

blank

«Ардақты ардагерлерді, қызметкерлерді тұңғыш аталып өтіп жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздер қоғам өмірінің маңызды саласына қызмет етіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ, сот үкімдерін әділ әрі уақытылы орындалуына үлкен үлес қосып келесіздер. Қостанай облысы бойынша, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кәсібилігі, тәртіпке беріктігі мен адамгершілік қағидаттарын ұстану қоғам тарапынан зор құрметке ие», – деді Марат Сейсембаев.

Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері, сотталғандарды қоғамға бейімдеп, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетеді. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, сотталғандарды жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

blank

Облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллин де құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарын марапаттады. Жиын барысында Қостанай облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Алтынбек Қалиев сахнаға көтеріліп, кәсіби мерекемен құққытқтап келген құзырлы орган бастықтарына ризашылығын білдірді. Әрі әріптестерін мерекемен құттықтады.

blank

«Қылмыстық атқару жүйесі күнімен құттықтаймын. Бұл күн қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапты еңбегін айрықша атап өтетін маңызды мереке. Саланың қалыптасуы мен дамуы тәуелсіз Қазақстанмен бірге жүріп келеді. Осы жылдар ішінде сіздердің табанды қызметтеріңізбен адал еңбектеріңіз бұл саланың берік негізін қалыптастырды. Заң мен тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үлкен жауапкершілік талап ететін міндет. Бүгінде ҚАЖ қызметкерлері осы міндетті абыроймен атқарып, елдің тыныштығына өз үлесін қосып келеді», – деді ҚАЖ бастығы Алтынбек Қалиев.

blankblank

Департамент бастығы қол астындағы қызметкерлерді ҚР ІІМ Құрмет грамоталарын, салады қалтқысыз қызметі үшін арнайы төс белгілерді табыстады.

blankРесми құттықтаулар аяқталған соң, жиылғандар мерекелік концертті тамашалады.

blankblankblankblank

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген – Бауыржан ҚАСЫМХАН