Жеке тінту барысында одан өсімдік тектес иісі бар екі орам табылған. Полиэтилен пакеттің ішінде тағы да осындай он орам болған.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол қыркүйек айынан бастап, Telegram мессенджеріндегі заңсыз есірткі заттардың айналымын ұйымдастыратын арналардың бірі арқылы қылмыстық әрекетке тартылған. «Онлайн формат» жеңіл табыс көзі ретінде ұсынылғанымен, іс жүзінде бұл қылмыстық жауапкершілікке алып келіп отыр.
«Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы шамамен 20 грамм болатын тәркіленген зат псилоцин құрамындағы саңырау құлақ жемісіндегі психотроптық зат екені анықталды. Аталған дерекке сүйене отырып, аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз есірткі және психотроптық заттарды заңсыз дайындау және өңдеу белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қосымша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мессенджерлер арқылы ұсынылатын «жеңіл ақша» көбіне нақты жазаға және тағдырлардың бұзылуына әкеледі, онлайн-анонимдік жауапкершіліктен босатпайды деп ескертеді.
