22 мая, 2025
Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

ЖАҢАЛЫҚТАР

21 мая, 2025

«Келешек мектептері» – бұл жай ғана құрылыс нысандары емес, ұлттың ертеңіне бағытталған рухани-интеллектуалдық инвестиция. Ата-ана ретінде де, бұған дейін мектепте жұмыс істеп, бүгінде мәдениет саласында еңбек етіп жүрген азамат ретінде де мен бұл бастаманы ерекше маңызды деп санаймын. Әсіресе ауылдағы оқушылардың заманауи білім беру ортасымен қамтылуы – стратегиялық әрі әділетті қадам.

21 мая, 2025

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, осы саланың ілгерілеуіне үлес қосқан өңірдегі бірқатар азаматқа «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасы Алмат Досмұхамедовтің және партия жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесінің төрайымы Кенжеш Оразғалиқызының құттықтаулары табыс етілді.

21 мая, 2025

Астанада өткен «Рухани қазына — 2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалінде  облыстық халық шығармашылығы орталығы «Үздік облыстық мәдени-демалыс кешені» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, арнайы дипломмен марапатталды.

21 мая, 2025

Бүгін жастар үшін ерекше күн болды. Қостанайда өтіп жатқан «Студенттік көктем – 2025» фестиваліне куә болу олардың бойына шын мәнінде, үлкен қуаныш пен шабыт сыйлады. Бұл фестиваль облыстың түкпір-түкпірінен келген студенттерді бір ортаға тоғыстырды.

21 мая, 2025

2025 жылдың 20 мамырында Астанада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Өзбек техникалық реттеу жөніндегі агенттігінің делегациясымен ресми кездесу өткізді.

Тобыл – Торғай Тынысы

20 мая, 2025

«Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері зиялы қауыммен кездесу өткізді.

18 мая, 2025

Қостанай қалалық «Мирас» мәдениет үйінің жеке орындаушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалының иегері, мәдениет саласының үздігі, Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты, дәстүрлі әнші Талғат Молдағалиев өзінің өнерде жүргеніне 20 жыл толуына орай «Елге сапар» атты концертін ұсынды.

16 мая, 2025

Іс-шара қаланың дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа жобалардың басталуына орай ұйымдастырылды.

15 мая, 2025

Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеріп, өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. 

Қостанай ақпарат

19 мая, 2025

Осы аптада оқу жылы аяқталады. Оқу-ағарту министрлігінің ұсынымына сәйкес қала мектептерінде соңғы қоғырау, мектеппен қоштасу іс-шарасы 23 мамырда өтеді. Бұл жайлы әкімдікте өткен аппараттық кеңесте қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева баяндады.

19 мая, 2025

Оған мыңнан аса студент пен екі қолға бір күрек  іздеп жүргендер де  келді. Облыстық Жастар ресурстық орталығы бұл іс-шараны жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастыруды жөн көрген.

Pin Up pinup-az.com-də qeydiyyatdan keçin və 300 pulsuz spin bonusu əldə edin

Сайттағы материалдардың барлық құқықтары ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен қорғалған. Сайт материалдарын көшіріп басқан жағдайда ақпарат көзіне гиперсілтеме жасалуы міндетті.