Бүгін жастар үшін ерекше күн болды. Қостанайда өтіп жатқан «Студент көктемі – 2025» фестиваліне куә болу олардың бойына шын мәнінде, үлкен қуаныш пен шабыт сыйлады. Бұл фестиваль облыстың түкпір-түкпірінен келген студенттерді бір ортаға тоғыстырды.
Түрлі университеттің жастары бір алаңда бас қосып, өнерлері мен дарынын паш етіп жатыр. Фестивальге қатысып жатқан оқу орындарының тізіміне қарасаңыз, нағыз көшбасшы университеттер: ҚАБ, АрқПУ, ҚӨУ, ҚИНЭУ, ЧелМУ, КСТУ және Рудный индустриялық университеті. Бәрінің көзінде жалын бар, жүрегінде мақтаныш пен патриоттық сезім.
Облыс әкімнің орынбасары Бақытжан Нарымбетов студент жастардың жалынды сөздерімен одан сайын жаңа қырын аша түскендей.
«Бүгінгі көктемнің ерекше мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Өңіріміздің ең үздік жастары осы жерде бас қосып отыр», – деп атап өтті әкімнің орынбасары.
Бүгінгі күн осынысымен өте мазмұнды өтті. Волейбол, баскетбол, мини-футболдан жарыстар қызу өтті.
Кешкісін Триатлон саябағында интеллектуалды ізденіс ойынында жастар тапқырлық танытты. Ал пікірсайыс турнирінде ойы ұшқыр жастар қазақ және орыс лигаларында шын мықтыны анықтады. Күннің ең қызықты бөлігі – «Наурыз» СОО жанындағы open air кешкі дискотека болды! Нағыз демалыс, көңіл көтерудің үлгісі!
Ал ертең бізді одан да әсерлі сәттер күтіп тұр. Спорттық жарыстардың финалы өтеді, ал түскі 12:00-де ҚСТУ Студенттер сарайында Гала-концерт басталады. Сол жерде ең үздіктер марапатталады: 25 000-нан 150 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтар, кубоктар, дипломдар, медальдар! Тіпті «Үздік ойыншы» деген жеке номинация да бар екен – қандай керемет!
Фестивальдің шарықтау шегі – 400 000 теңге көлеміндегі бас жүлде мен алғыс хатты табыстау рәсімі болмақ. Бұл – барлық белсенді университеттерге берілетін зор алғыс пен қолдау!
Мұндай фестивальдер жастарды қанаттандырып, жаңа достар табуға, өз дарынын ашуға үлкен мүмкіндік береді. Ең бастысы – барлығы шынайы, жылы, достық атмосферада өтіп жатыр. Осындай іс-шаралар көбейе берсін деп тілейміз!
Балауса ЖҮНІС