БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай «Қостанай таңы» газеті «Шебердің қолы ортақ» атты облыстық байқау жариялайды. Он саусағынан өнер тамған қолөнер шебері болсаңыз, біздің байқаудың жеңімпазы атанып, бағалы сыйлықтар иеленуге мүмкіндігіңіз бар!

 

Байқаудың шарттары мен ережелері:

– Қолөнершілер сынына облыстың жасы 18-ден асқан тұрғындары қатыса алады;

– Байқауға қолөнердің кез келген бағытында жасалған бұйымдарды қатыстыруға болады. Туындылардың қазақы нақышпен үйлесім тапқаны жөн;

– Әр қатысушы материалының жасалу жолдарын баяндап, әзірлену барысынан және дайын болған бұйымның бірнеше фотосуретін жолдауға тиіс;

– Автор жеке суреттерін (бұйымымен бірге, шеберханада, жұмыс үстінде түскен) және өзі туралы мәлімет (аты-жөні, тұрғылықты жері, жасы, шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат, т.б.) жіберуі қажет.

– Суреттер сапасына ерекше мән беріледі. Байқау талаптарына сай келмейтін материалдар қабылданбайды;

– Келіп түскен жұмыстарды кәнігі мамандардан құрылған қазылар алқасы саралайды;

– Талғамнан өткен әр материал газетте, сайтта және әлеуметтік желілерде жарияланып отырады;

– Үздік қатысушылар үш жүлделі орын иегері атанады. Сондай-ақ ұсынған материалы әлеуметтік желілерде көп қаралым жинаған тағы екі үміткерге арнаулы сыйлықтар бар;

– Материалдар байқау жарияланған күннен бастап, 17 наурызға дейін 8 771 213 72 02 WhatsApp нөмірі және kostanaytany.kz электронды почтасы арқылы қабылданады.

 

Ендеше, қолөнершілік қабілетіңізді сынға салып, өзіңізді және өнеріңізді қалың оқырманға кеңінен таныстыруға, сондай-ақ көп ішінен үздік атанып, бағалы сыйлықтар иеленуге асығыңыз!

Жаңалықтармен бөлісу