Алғашқы үміткер – кілем тоқушы әжей

Алғашқы үміткер – кілем тоқушы әжей

“Шебердің қолы ортақ” облыстық байқауының алғашқы қатысушысы – 63 жастағы Қарлығаш Нұредденқызы Спабек.

Зейнет жасындағы шебер Жанкелдин ауданының Торғай ауылында тұрады. Қарт қатысушымыздың қолынан шыққан кілемдер көз сүйсіндірмей қоймайды. Бұл – бүгінде екінің бірінің қолынан келе бермейтін күрделі өнер. Қарлығаш апамыз соңғы тоқыған екі кілемін байқауға қатыстырып отыр. Суреттерге зер салсаңыз, бұйымдардың жасалу барысын және дайын болған кілемді көре аласыз. Тамашалап, бағасын бере отырыңыздар!

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай «Қостанай таңы» газеті «Шебердің қолы ортақ» атты облыстық байқау жариялайды. Он саусағынан өнер тамған қолөнер шебері болсаңыз, біздің байқаудың жеңімпазы атанып, бағалы сыйлықтар иеленуге мүмкіндігіңіз бар! Байқау ережелерімен төмендегі сілтемеге өту арқылы таныса аласыз:

 

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

Жаңалықтармен бөлісу