Қазіргі таңда саналы ұрпақ тәрбиелеу тек мұғалімдердің міндеті ғана емес, сонымен қатар оқушының кітаппен қарым-қатынасына да тікелей байланысты.
Кітап оқу мәдениеті – тұлғаның жан-жақты дамуының маңызды негіздерінің бірі. Қостанай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапханалар желісі бүгінде 35 кітапханадан тұрады.
Оның 33-і – ауылдық кітапханалар. Бұл көрсеткіш ауыл тұрғындарының рухани сұранысын қанағаттандыруда кітапханалардың орны ерекше екенін айқындайды.
2025 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша, негізгі көрсеткіштер де көңіл қуантады. Атап айтқанда, кітапхана оқырмандарының саны 22 949-ды құрады. Бір жыл ішінде 497 161 дана кітап оқырманға ұсынылып, жалпы келушілер саны 238 255-ке жетті. Бұл өңірде кітап оқуға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш. Есепті кезеңде аудандық кітапханаларда офлайн форматта 1487 көпшілік іс-шара өткізілді, оның 329-ы қазақ тілінде өтті. Барлығы 21 433 адам қатысты.
«Маңызды кезеңдердің қатарында оқу мәдениетін дамытуға және оқудың беделін нығайтуға үлес қосқан «Бір ел – бір кітап» акциясы, «Окы және Жең» аймақтық байқауы және «10-шы аймақ оқуды қалайды» болды. Сондай-ақ, өлкетану әдебиетін насихаттау бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Ең маңызды іс-шаралардың қатарында еліміздің түкпір-түкпірінен кітап және әдебиет әуесқойларын жинаған республикалық «KitapTime» фестивалі, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының шығармашылығына және қазіргі қоғамдағы отбасының маңыздылығына арналған тақырыптық көрмелер мен әдеби кештер болды. Биыл аудан кітапханашылары 1809 іс-шара өткізіп, 25 414 қатысушыны қамтыды. Сонымен қатар, 271 онлайн іс-шара ұйымдастырылып, барлығы 98 577 қаралым жиналды», – дейді кітапханашы Дана Мырзабаева.
Қостанай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханалары көптеген жыл бойы әртүрлі ұйымдар мен мекемелермен сенімді серіктес болып келеді.
Аудандық балалар кітапханасы «Жүректен жүрекке» жобасы бойынша жұмысын жалғастыруда. Орталық аудандық кітапхана бесінші жылын өткізіп жатқан «Библиокеруен-2020» жобасын бастады.
«Біз жыл сайын ауылдық округтерге барып, кітапханашылардың кәсіби дағдыларын арттыру және тәжірибе алмасу үшін семинарлар өткіземіз. Биыл біздің библиокеруеніміз Жамбыл және Алтын Дала ауылдарының кітапханаларын қамтитын Жамбыл ауылдық округіне сапар шекті. Семинар барысында Жамбыл ауылдық округінің тарихы, мәдениеті және дәстүрлерімен таныстыруға бағытталған «Оқырмандарды төзімділік қағидаттарына негізделген рухани-адамгершілік тәрбиесі» атты өлкетану библиокеруені өтті. Мүмкіндігінше көп оқырман тарту және кітапхана іс-шараларын әртараптандыру мақсатында Қостанай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары өз жұмыстарына инновациялық және қызықты форматтарды енгізуге тырысады», – дейді кітапханашы.
Дина ДӘУЛЕТКЕЛДІ,
Зарина ЖҰМАҒҰЛОВА,
ҚӨУ студенттері
Қостанай ауданы
