Облыстық Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Еркебұлан Сағитдинұлы Баязитов облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Еркебұлан Сағитдинұлы — Денсаулық сақтау саласында ұзақ жыл қызмет еткен тәжірибесі мол маман. Бұрын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

Облыс әкімі жаңа басшының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.