Қостанай облысында 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр

Қостанай облысында 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Үкімет отырысында өңірдегі халықты жұмыспен қамту жөніндегі жұмыс туралы баяндады.

Ол өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында кемінде 43 мың азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланып отырғанын атап өтті, оның ішінде бүгінгі күні 22 мыңнан астамы жұмыспен қамту бойынша жәрдем алды.

«Биыл облыста кемінде 20 мың жұмыс орнын ашу көзделген, оның ішінде қазіргі таңда шамамен 9 мың жұмыс орны ашылды. Жылдың аяғына дейін жоспарлы көрсеткіштер орындалатын болады», – деді Құмар Ақсақалов.

Сонымен қатар, облыста 164 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған 68 мың шағын және орта бизнес субъектілері бар. Бұл облыстың барлық экономикалық белсенді халқының үштен бірінен астамын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 3,2%-ға немесе 5 мың адамға өсті. Өсім, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары есебінен қамтамасыз етілді.