Қостанайда алғаш рет Студенттер Ассамблеяларының республикалық форумы екі күндік жұмысын бастады. Ресми түрде Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде ашылуы өтті.
Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы жұмысшыларына пәтер береді
Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының жұмысшылары биыл су жаңа пәтерлерге ие болмақ. Бұл жайында бүгін өткен қалалық әкімдіктегі аппарат кеңесінде белгілі болды.
Еріктілер марапатқа ие болды
Қай кезде де қоғамның алға жылжуына қарапайым азаматтардың жанашыр әрекеті үлкен серпін береді. Солардың бірі – өз уақытың, күш-қайратын адамдарға көмек көрсетуге арналған еріктілер қозғалысы. Бүгінде волонтерлер қайырымдылық, экология, білім, медицина, іздестіру-құтқару, әлеуметтік қолдау сияқты түрлі бағытта еңбек етіп, қоғамның игілігіне қызмет етуде.
«Мірдің оғы» мәреге жетті: жангелдиндіктер жеңімпаз
Меңдіқара ауданында өткен Сейіт Кенжеахметұлы атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл – сықақ театрлар байқауында бас жүлдені Жангелдин ауданының «Мірдің оғы» әзіл-сықақ театры (Жетекшісі Шыңғыс Садуақасов) жеңіп алып, 1 миллион теңге иеленді.
Бір кадрдың артындағы үлкен ой. Оқушылар мобилография тетіктерін үйренді
Амангелді ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған ерекше форматтағы кездесу өтті.
Студенттер жол саласындағы мамандардың жұмысымен жақын танысты
Қостанайдағы Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының базасында Автожол колледжінің студенттері үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — студенттерге орталықтың жұмысымен, жол материалдарының сапасын бақылау үдерістерімен және жол саласының стандарттарымен жақынырақ таныстыру болды.
Арқалықта буллингке қарсы іс-шара өткізілді
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында буллингтің және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған «ДосболLike» жобасы бойынша ақпараттық түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды. «Доспыз бәріміз» тақырыбымен психологиялық тренингтік ойындар өткізілді.
Қостанайда ашық сұхбат алаңы өтті
Қостанайда Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануына 35 жыл толуына арналған маңызды қоғамдық шара өтті.
Қостанайда журналистика кафедрасының негізін қалаған ұстаздың атындағы степендия иесін тапты
Baitursynuly University-дің «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасында ақын, журналист, педагог Байтұрсын Ілиясқа арналған дәстүрлі ғылыми-зерттеу байқауының жеңімпазы белгілі болды. Әділ қазылар шешімімен 50 000 теңгелік стипендия бірінші курс студенті Мерейім Көбековаға бұйырды.
Арқалық: Жас тілшілер шеберліктерін шыңдады
«Жас — Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жаңа ТВ жоба» атты қалалық телевизиялық-танымдық байқау өрістеді.
