«Мірдің оғы» мәреге жетті: жангелдиндіктер жеңімпаз

«Мірдің оғы» мәреге жетті: жангелдиндіктер жеңімпаз

Меңдіқара ауданында өткен Сейіт Кенжеахметұлы атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл – сықақ театрлар байқауында бас жүлдені Жангелдин ауданының «Мірдің оғы» әзіл-сықақ театры (Жетекшісі Шыңғыс Садуақасов) жеңіп алып, 1 миллион теңге иеленді.

Бірінші орын Жамбыл облысы, Талас ауданы (жетекшісі Жанар Мырзамбетова) 700 мың теңге, екінші орын Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы «Бозжыра» әзіл-сықақ театры

(Жетекшісі Қайырбек Нұров) 600 000 теңге, үшінші орын Арқалық қаласының «АБАДАН» әзіл-сықақ театры (Жетекшісі Бейсенбек Мейрамбек) 500 мың теңге алды.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Сондай –ақ, барлық қатысушыларға 200 мың теңге ақшалай сертификаттар мен арнайы алғыс хаттар табысталды

Осылайша, көптің көңілінен шыққан думанды іс — шараға айналды. Облысымызда бесінші рет ұйымдастырылған бұл байқауға еліміздің әр өңірінен 8 театр ұжымы қатысып, өнер бәсекесінде бақтарын сынады.

Өнер додасының әділ өтуіне еліміздің мәдениет саласының беделді өкілдері арнайы келіп, әділқазылық жасады. Олардың қатарында: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбаев, жазушы-сатирик, ҚР мәдениет қайраткері Нұрлыбек Жұбатқан және – «Серпер» Жастар сыйлығының лауреаты Бауыржан Орда бар. Көзі тірісінде осы байқаудың өтуіне зор үлес қосқан атақты сатирик Көпен Әмірбектің жары Әйгерім ханым мен ұлы Жұбаныш құрметті қонақ болып қатысты.

Күлкі базарына сатирик-жазушы Сейіт Кенжеахметұлының қызы, белгілі ұстаз-ғалым, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, «Жеті қазына» этнопедагогикалық бағдарламасының авторы Зәмзагүл Кенжеахметова да арнайы қатысып, әкесінің рухына тағзым етіп, қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

Байқау екі кезеңді қамтыды. Алдымен, Сейіт Кенжеахметұлының төл шығармаларынан үзінді орындау және еркін тақырыптағы қойылым ұсыну назарға алынды.

Театр ұжымдары қазақ сатирасының табиғатын сақтай отырып, заманауи тақырыптарды да шебер қозғады. Көрермендер күлкіге қарық болып қана қоймай, көпшілікке ой салатын дүниелер де көп болды.

«Байқау – биыл да өз мәресіне сәтті жетті. Думанды дода қазақтың заңғар тұлғаларының бірі, ұстаз, ақын — жазушы Сейіт Кенжеахметовтің сатиралық мұрасын насихаттап, әзіл-сықақ жанрын дамытатын таланттарды танытып, өңірлер арасындағы шығармашылық байланысты күшейтті», – дейді байқауды ұйымдастырушылар.

 

                              Мұрат Жүнісұлы                                                                        Жангелдин ауданы