Арқалық: Жас тілшілер шеберліктерін шыңдады

Арқалық: Жас тілшілер шеберліктерін шыңдады

«Жас — Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жаңа ТВ жоба» атты қалалық телевизиялық-танымдық байқау өрістеді.

Құрамында кәсіби журналистер, мобилографтар және білім бөлімінің әдіскерлері бар қазылар алқасы аламанға ат қосқан жас тілшілер мен ұстаздарға сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді.

blank blank blank

Байқау қорытындысында «Үздік оператор» номинациясы бойынша І орынды №7 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жаннұр Сейтжан, ІІ орынды Екідің ауылы, Б.Майлин негізгі орта мектебі оқушысы Ясмин Қалымжан, ІІІ орынды Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Айзере Шөптібай иеленді.

blank blank blank blank blank blank blank blank

«Үздік танымдық телевизиялық сюжет» номинациясы бойынша І орынды №8 негізгі орта мектеп оқушысы Еркежан Төлеу, ІІ орынды Сарыөзен негізгі білім беретін мектебінің оқушысы Айсұлтан Тайшығара, ІІІ орынды А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия оқушысы Раяна Абылайханқызы қанжығалады.

«Үздік диктор» номинациясы бойынша І орынды №2 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Богдан Исламов, ІІ орынды №10 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы НұржайнаТаубалды, ІІІ орынды Ашутасты ауылы, Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Айым Жұмабай еншіледі.

«Шығармашыл топтың үздік педагог-ұйымдастырушысы» номинациясы бойынша І орынды А. Құнанбаев атындағы мектеп гимназия ұстазы Ләззат Кендірбекова, ІІ орынды №2 жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Екатерина Калинина жеңіп алды.

«Үздік монтаж режиссері» номинациясы бойынша І орын Кейкі батыр атындағы №4 мектеп оқушысы Ақмаржан Меңдешке, ІІ орын Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Аймереке Нұрғалиға, ІІІ орын А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназия оқушысы Балым Әнуароваға бұйырды.

blank

«Байқауға барлық қала мектептері мен ауыл мектептері, қосымша білім беру орталығының оқушылары түгелдей дерлік өз үлестерін қосты. Іс – шара тартысты, әрі қызықты өтті. Журналистика саласына қызығушылық танытатын оқушылардың көп екенін аңғартты.  Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін байқаудың жас буынның талабын ұштауға, жаңа есімдерді анықтауға маңызы зор. Үздік деп танылған сюжеттер жергілікті «Арқа дидары» телеарнасы арқылы көрсетілетін болады», – дейді жобаны ұйымдастырушы «Жас –Ұлан» жасөспірімдер орталығының «Ботақан» телестудиясының жетекшісі Сымбат Демесінова.

Түрлі аталымдар бойынша жеңіске жеткен барлық жеңімпаздар дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, байқауға атсалысқан барша оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтамасына ие болды.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

 

                                                                                                           Арқалық қаласы